Жаңалықтар
35

⚖️Баспасөз конференциясы өткізілді

▪️10 наурыз - Халықаралық әйел судьялар күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар алаңында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы  Ж.Оспанова,  Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметін үйлестіруші-судьясы  Ш.Маликова және облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева баспасөз конференциясын өткізді. 
▪️Шарада облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы  Ж.Оспанова 2021 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 10 наурызды халықаралық судья әйелдер күні ретінде бекіткенін,  негізгі мақсат - сот жүйесіндегі әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ету екенін тілге тиек етті. 
▪️Облыстық соттың судьясы Ш.Маликова қазіргі таңда еліміздің сот жүйесінде әйел судьялар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға атсалысып келе жатқанын, қазіргі таңда облыста 87 судья қызмет атқарып жатса, оның 30-ға жуығы әйел судьялар екенін, сонымен қатар, 3 әйел судья сот төрағасы қызметтерін атқарып келе жатқанын атап өтті. 
▪️Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева сот жүйесіндегі жұмыс барысындағы қызықтары мен қиындықтары,
мамандық таңдаудағы шешімі жөнінде айтып, жас мамандарға кеңестерін берді.
▪️Баспасөз конференциясына қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді. 
🖊Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
* * * * * *
⚖️Состоялась пресс-конференция
▪️В преддверии Международного дня женщин-судей – 10 марта,  на площадке Региональных коммуникаций состоялась пресс-конференция с участием председателя коллегии по административным делам Кызылординского областного суда Ж.Оспановой, судьи-координатора со СМИ Кызылординского областного суда Ш.Маликовой и председателя специализированного межрайонного административного суда Кызылординской области Г.Мырзатаевой.
▪️На мероприятии  председатель коллегии по административным делам Кызылординского областного суда Ж.Оспанова  отметила, что в 2021 году Организация Объединенных Наций утвердила 10 марта Международным днем женщин-судей, основной целью которого является содействие улучшению положения женщин в судебной системе.
▪️Судья-координатор областного суда Ш.Маликова отметила, что на сегодняшний день в судебной системе страны женщины-судьи участвуют в защите прав и свобод граждан, в настоящее время в области работают 87 судей, из них около 30 женщин-судей, а также 3 женщины-судьи занимают должности председателя суда. 
▪️Председатель областного специализированного межрайонного административного суда Г.Мырзатаева рассказала о трудностях работы в судебной системе, о своем решении в выборе профессии, также дала советы молодым специалистам.
▪️Участники пресс-конференции ответили на вопросы журналистов. 
🖊Пресс-служба Кызылординского областного суда.