Жаңалықтар
25

КӨПШІЛІК КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІКТЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кезекті сенбілікте өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Оған 95 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 000 тоннадан  астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері  мен көшелердің бойы  тазартылды. Оған 800-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 28 400 түп жергілікті климатқа сай келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі