Жаңалықтар
73
ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!
Республикалық жастар форумы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында ағаш отырғызу акциясымен жалғасты. Бұл жастар тарапынан табиғатты аялауға жасалған маңызды қадам болды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шара жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз.
ҚХА жанындағы «Ассамблея жастарының» белсендісі:
«Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Бүгін біз өз үлесімізді қосып, жасыл желек отырғыздық. Бұл ағаштар болашақ ұрпақ үшін көлеңке мен таза ауа сыйлайды» – дейді қатысушылардың бірі.
«Көшет отырғызу арқылы біз табиғатты аялауды ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын да дәріптейміз. Бұл бастама еліміздің экологиясын жақсартуға азда болса үлесімізді қосудамыз» – деп Қызылорда өңірлік ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Елена Пак.





