Жаңалықтар
77
Б.МОМЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде Қазақ білім академиясының академигі, Қазақстанда отандық инженерлік-педагогикалық білімнің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байзақ Момынбаев атындағы 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша дәстүрлі қалалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға қала мектептерінен 7-сынып бойынша 54 оқушы, 8-сынып бойынша 53 оқушы қатысты. Өткізудегі мақсат оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жастар арасында ғылым мен білімді насихаттау.
Жүлделі орынға ие болған оқушыларды Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицей директоры құттықтап марапаттады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 7-сынып арасында жүлделі I орын №136 мектеп-лицейінің оқушысы Құрманғазыұлы Нұрқожа, II орын №264 мектеп-лицейінің оқушысы Рүстем Мерей, II орын №7 мектеп-лицейінің оқушысы Досмурзаев Дәулет, III орын №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Үмбетов Руслан, III орын №253 орта мектебінің оқушысы Сахи Әнипа, III орын №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Жұмашев Аслан иеленді.
№285 мектеп-лицейінің оқушысы Әбубәкір Айжан, №144 орта мектебінің оқушысы Мақсұт Нұржан, Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Шаманова Айжания арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
8-сынып бойынша жүлделі I орын №136 мектеп-лицейінің оқушысы Жайлаубай Нұрбек, II орын №285 мектеп-лицейінің оқушысы Жанайдаров Айқын, II орын №144 орта мектебінің оқушысы Өмірғали Нұрдаулет, III орын №187 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Мұхамеджанова Айасыл, III орын № 222 орта мектебінің оқушысы Қуанышбай Таңшолпан, III орын Б. Момынбаев атындағы № 278 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Нұғыман Асқар иеленді.
№3 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Сәлімов Илияс, №23 мектеп-лицейінің оқушысы Асқарбек Дәулет, №12 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Алпысбай Шахислам қалалық білім бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, «Б.Момынбаев» қорынан бағалы сыйлықтарға ие болды.





