Жаңалықтар
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ ЖАПАЛ ӘМЗЕБЕКҰЛЫ АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН СЫР ӨҢІРІНЕ КЕЛДІ
2025 жылдың 14-16 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Долиев Жапал Әмзебекұлының қатысуымен бірқатар маңызды кездесулер мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Аталған іс-шаралар Қызылорда облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Іссапар барысында Жапал Әмзебекұлы «Рухани қауіпсіздік», «Қауіпті ақпарат көздерінен қорғану» тақырыптарында аудан тұрғындары, жастар және мемлекеттік қызметшілермен түрлі форматтағы кездесулер өткізді. Атап айтқанда, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде студенттермен өткен мазмұнды кездесумен жалғасты. Жапал Әмзебекұлы жастарға интернет кеңістігіндегі теріс контенттен қорғану, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және киберқауіп-қатерлердің алдын алу тақырыптарында дәріс оқып, нақты мысалдар келтіре отырып өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, Жалағаш және Сырдария аудандық Рухани орталықтарында өткен мазмұнды жиындарда деструктивті діни идеологиялардың алдын алу, теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық рухани тұтастықты сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шаралар легі Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс барысында қатысушыларға заманауи ақпараттық қауіптер, олардан қорғану жолдары, ақпараттық сауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Аталған іс-шаралар өңір жастарының діни сауаттылығын арттыруға, қоғамда қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруға, сондай-ақ радикалды идеологиялардың таралуының алдын алуға бағытталды.





