Жаңалықтар
153

ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығына сәйкес, Тобажанов Ғабит Рүстемұлы департаменттің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық негізде тағайындалды.
Ғ.Тобажанов 1978 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 
1999 жылы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 
Еңбек жолын 2000–2001 жылдар аралығында Шиелі ауданы прокуратурасында, прокурор көмекшісі болып бастаған. 
2001-2006 жылдары Шиелі ауданы прокуратурасында, Аға көмекші;
2006-2008 жылдары Қызылорда қаласы прокуратурасы, прокурор көмекшісі;
2008 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Қызылорда облыстық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры;
2008 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Қызылорда облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметін қадағалау басқармасының прокуроры;
2008-2009 жылдары Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары;
2009-2011 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының Аға прокуроры;
2011-2014 жылдары Қызылорда облысы прокурорының табиғатты қорғау заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі;
2014-2015 жылдары Қызылорда облысы прокурорының атқарушылық өндіріс заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі; 
2015-2017 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының (қызмет атқару өтіліне сәйкес зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылған) бастығы;
2017 -2020 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2021-2022 жылдары Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат;
2022 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы, комплаенс-офицер;
2022-2023 жылдары «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2023 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды. 
Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.