Жаңалықтар
420

2025 жылдың маусым айының 5-15 аралығында отбасы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау  болып  табылады.
 Іс-шара аясында ҚПБ ЖПҚб Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп,басқарманың профилактикалық есебіне қорғау нұсқамасы,ерекше талап санаттарымен есепте алынған тұлғалардың мекен-жайлары араланып,құқық бұзушыларға қазіргі таңдағы отбасы тұрмыс саласындағы зорлық-зомбылық мәселесі мемлекет басшының қатаң бақылауда тұрған жөнінде,сонымен қатар заңмен қудаланатындығы ескертіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.