Жаңалықтар
119
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы белсенді азаматтық ұстанымы үшін жергілікті тұрғындарды марапаттады
Бүгінде еліміз үшін азаматтық қоғамның қолдауы маңызды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстаным көрсеткені үшін 8 жергілікті тұрғын Департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Олардың қатарында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының заңгері Тусмагамбетова Эльмира Бектаевна, Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалының маманы Қалас Батыржан Бахытжанұлы, Айтхожин Арман Хакимжанович, Измаханова Салтанат Қайратқызы, Мизамбаева Макпал Бахтияровна, Нәсіпова Айжан Қалилқызы, Доспенбетов Мирамбек Мухамбеткалиұлы және Жексембиев Жасұлан Ақжігітұлы бар. Олар ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы азаматтық ұстанымы үшін, сондай – ақ олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.






