Жаңалықтар
65

«Аула ішінде кездесу» атты республикалық акциясы өтуде.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жариялаған құқық бұзушылықтар профилактикасы жылы: «Полиция Заң мен Тәртіпті күзетінде» шеңберінде және Полиция күніне орайластырылған айлықты өткізу, сондай-ақ 2025 жылдың 5 – 15  маусым аралығында «ОТБАСЫ» жедел профилактикалық іс-шарасы және маусым айының 9 - 23 күндері аралығында республика көлемінде «Аула ішінде кездесу» акциясы өткізілуде. 
      Акцияның негізгі мақсаты: құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтық, есірткі, тұрмыстық және т.б. профилактикасы бойынша деңгейін арттыру және шараларды күшейту, халықпен тығыз сенімгерлік қатынастар орнату, тұрғындармен проблемалық мәселелерді талқылау, қылмыстық және әкімшілік заңдардағы өзгерістер бойынша   жауапкершілікті түсіндіру. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары акцияны өткізу кезеңінде ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің аулаларында халықпен кездесу өткізуін қамтамасыз ету. 
     Қармақшы АПб ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары халық арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, визиткаларын және жадынамаларын таратуда.