Жаңалықтар
64
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда қаласы бойынша 2025 жылы жылу беру маусымына дайындыққа бюджеттен бөлінетін қаражаттың игерілуі және «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында Жол картасының Қызылорда қаласы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоспарланып, бекітіліп, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілді.
Өз қаражаты есебінен 2025 жылға жалпы 363,8 млн. теңге жоспарланды.
Негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеуге 333,0 млн.теңге көзделген. Жылу желілеріне 30,8 млн.тенге бөлінді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес кәсіпорын бойынша нақты орындалуы 30% -. құрайды.
Қызылорда жылу электр орталығы басшысының міндетін атқарушы Молдиманов Бақытжан Молдабекұлының айтуынша Қызылорда қаласының жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында бюджет есебінен жоба құны 7 403,9 млн.теңгеге 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 8,7 км құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады, қәзіргі таңда мердігер мекемелер анықталып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Кәсіпорын қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 3,9 км диаметрі 57-325 мм құрайтын кварталаралық жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары 30,8 млн теңгеге жоспарлануда. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 42,3 пайыздан 39,7 пайызға төмендейді.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Әзірбек Нұрбек Әзірбекұлы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша былтырғы жылы бір реттік көтерме жәрдемақы бойынша 140 маманға 51,6 млн. теңге, бюджеттік кредит бойынша 60 маманға 435,2 млн.теңге берілгенін айтты.
Оның ішінде, Ақжарма а.о. – 10, Ақсуат а.о.– 55, Қосшыңырау а.о. – 12, Қарауылтөбе а.о. – 18, Қызылжарма а.о. – 47, Қызылөзек а.о. – 8, Талсуат а.о. – 47, Белкөл кенті - 3 маман көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алған.
Ал биылғы жылға бір реттік көтерме жәрдемақыға 43,2 млн.теңге (110 маман) бөлініп, бүгінгі күнге 75 маманға (1 маманға 393 200 тг) көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде; Ақжарма а.о. – 7, Ақсуат а.о. – 20, Қосшыңырау а.о. – 5, Қарауылтөбе а.о. – 7, Қызылжарма а.о. – 13, Қызылөзек а.о. – 1, Талсуат а.о. – 22 маман. Салалар бойынша: білім – 34, денсаулық сақтау – 24, әлеуметтік қамсыздандыру – 1, мәдениет – 5, спорт – 6, агроөнеркәсіптік кешен – 3, мемлекеттік қызметшілер – 2 маманға әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілген.






