Жаңалықтар
138

Сот бұйрығы 6001-24-00-6ап/2220

 Талап қоюшы сотқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру міндетін жүктеу туралы талап қоюмен жүгінген.
Апелляциялық қаулының ұйғарымымен өзгеріссіз қалған МАӘС-ның шешімімен талап қою қанағаттандырылды.
 Сот КЕАҚ-ны талап қоюшы (электрондық аукцион жеңімпазы) мен жеке сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша талап қоюшының жылжымайтын мүлікке – екі бөлмелі пәтерге құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүргізуге мәжбүрледі.
Сотта анықталғандай, талап қоюшы КЕАҚ-на мүлікті сату-сатып алу шартын мемлекеттік тіркеу үшін құқық белгілейтін құжаттарды тапсырған, бірақ шарттың нотариалды куәландырылмағандығына байланысты КЕАҚ-дан пәтерді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама түскен.
 Жергілікті соттар талап қоюды негізді түрде қанағаттандырды. Олар жеке сот орындаушысы мен электрондық аукционның жеке жеңімпазы арасында жасалған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты міндетті нотариалды куәландыруға жатпайтынын сенімді түрде анықтады. Оның үстіне, заңнамада оны тіркеу үшін басқа құжаттарды ұсыну қарастырылмаған.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы іс бойынша шығарылған сот актілерін күшінде қалдырды.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот КЕАҚ-ның төрағасының атына өз филиалы тарапынан жол берген заң бұзушылықтар бойынша ден қою шараларын қолдану туралы жеке ұйғарым шығарды.
 Жоғарғы Сот алқасы талап қоюшыға заңда белгіленбеген талаптарды орындау міндетін жүктегендіктен, әкімшілік іс жүргізу қағидатын – ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды бұзған жауапкердің жалғандыққа жол берген әрекетін атап өтті.