Жаңалықтар
280

«Еңбек адамы – Елдің тірегі» шығармашылық байқауының ережесі

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
 • Еңбек адамдарының шынайы бейнесін, олардың қоғамдағы рөлін насихаттау;
 • Еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік секілді құндылықтарды дәріптеу;
 • Фото және видео арқылы шығармашылықпен айналысатын жастарды қолдау;
 • Жастар мен қоғамды еңбекке деген құрметке тәрбиелеу.
2. Қатысушылар
 • Байқауға 14 жастан жоғары кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады;
 • Қатысу жеке және топтық түрде рұқсат етіледі;
 • Бір қатысушы (немесе топ) фото және видео бағыттарының екеуіне де қатыса алады.
3. Байқау номинациялары
 • Фото номинациясы – еңбек адамын бейнелейтін фотосурет;
 • Видео номинациясы – еңбек адамы туралы қысқаша видеоролик (1–3 минут).
4. Қойылатын талаптар
Фото жұмысына қойылатын талаптар:
 • Фото JPEG немесе PNG форматында, сапасы жоғары (кемінде 1920×1080 пиксель);
 • Фото тақырыпқа сай болуы қажет;
 • Фото өңдеу (ретушь) рұқсат етіледі, бірақ мазмұнға нұқсан келтірмеуі керек;
 • Әр фотоға қысқаша сипаттама (3–5 сөйлем) қоса берілуі тиіс.
Видео жұмысына қойылатын талаптар:
 • Видео MP4 форматында, HD сапасында (кемінде 720р);
 • Ұзақтығы: 1–3 минут;
 • Авторлық монтаж, музыка немесе дыбыстық сүйемелдеу рұқсат етіледі;
 • Видео авторлық құқықты бұзбайтын болуы тиіс.
5. Жұмыстарды тапсыру мерзімі
 • Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 3 шілдеден 3 тамызға дейін;
6. Бағалау критерийлері
 • Тақырыпқа сәйкестігі;
 • Шығармашылық және көркемдік деңгейі;
 • Эмоциялық әсері мен шынайылығы;
 • Орындалу техникасы мен сапасы.
7. Авторлық құқық және пайдалану құқығы
 • Қатысушылар өз жұмысын ұсына отырып, ұйымдастырушыларға оны әлеуметтік желіде, көрмелерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қолдануға рұқсат береді;
 • Жұмыстар тек қатысушының авторлық еңбегі болуы тиіс.
8. Марапаттар мен жүлделер
 • Әр номинация бойынша:
 • Ерекше жұмыстарға арнайы номинациялар мен сыйлықтар.
9. Нәтижелерді жариялау
 • Жеңімпаздар 12 тамыз - жастар күніне орай марапатталады.