Жаңалықтар
60
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА МӘН БЕРІЛДІ
«AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасында білім ордаларын салу және оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілген. Соның негізінде, облыс орталығыда жаңа білім ошақтары пайдалануға берілсе, басқа мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда қала бойынша 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейіне жүргіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Ғимараттың құрылысы жұмыстары бойынша демонтаждау жұмыстары аяқталды. Жаңартылған электр жүйелері толықтай аяқталды. Жылу, су құбырлары, сонымен қатар ғимараттың ішкі жұмыстары яғни, қабырғаларды тегістеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 126 406,2 млн. теңге.






