Жаңалықтар
420

Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық соты

🔹2025 жылғы 1 шілдеден бастап Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сот жұмыс істей бастады. Оның мақсаты – сот ісін жүргізуді жеңілдету және сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Басқаша айтқанда:
▪ Азаматтық процестік кодекстің талаптарынасай келетін кассациялық шағым кемінде үш судьядан тұратын алқалы құрамда мәні бойынша қаралады.
▪ Апелляциялық тәртіппен сот актілеріне шағымдану мерзімі өтіп кеткен жағдайда, шағымды сотқа тікелей іс тараптары немесе сот актілерімен құқықтары бұзылған адамдар, сондай-ақ прокурорлар арқылы беру мүмкіндігі бар.
▪ Бұрын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын сот актілері енді Бас Прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
🔹Біз заңгерлік қауымдастықпен ашық диалогқа дайынбыз.
БАҚ-та жарияланған материалдардан Алматы қалалық сотының кездесу өткізу туралы бастамасының оң нәтиже бергені көрініп тұр.
Осындай өзара іс-қимылдың жалғасуы материалдық және процестік құқық нормаларынбірізді түсіндіру мен қолдануға ықпал етеді деп күтіледі.
🔹Жұмыс басталды.
Жоғарғы Сотта қаралмаған өтініштер Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37-үй мекен-жайында орналасқан Кассациялық сотқа жолданды.
Кассациялық қарау форматы – оффлайн, алайда тараптардың өтініші бойынша онлайн режимде де өткізілуі мүмкін.
🔹Шағымдар мен наразылықтардың дұрыс рәсімделіп, белгіленген тәртіппен берілген болса – ол уақытылы қараудың кепілі екенін атап өтеміз.
🔹Заңның процестік талаптарына назар аударыңыздар:
1. Шағымдану мерзімі – сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай.
Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оның себептерінің дәлелдемелері мен кассациялық шағым қоса берілген, уәжді өтінішпен қалпына келтіру сұралуы мүмкін.
2. Мемлекеттік баж Кассациялық соттың орналасқан жері бойынша мына реквизиттерге төленеді:
Бенефициар: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
БСН: 981140001115
КБК: 108126
Салық органы коды: 6203
Төлем мақсатының коды: 911
Алушы банк: ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
ИИК: KZ24070105KSN0000000
БИК: KKMFKZ2A
🔹Салық кодексінің 608-бабының 1-тармағына және ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 нормативтік қаулысына сәйкес, мемлекеттік баж төлеушілер – заңды маңызы бар әрекеттерді жасауға жүгінетін тұлғалар. Мемлекеттік баж өкіл арқылы төленуі мүмкін, бірақ бұл ретте төлеушінің деректемелері көрсетілуі тиіс.
🔹Баж мөлшері Салық кодексінің 610-бабының 2-тармағына сәйкес нақты айқындалады.
3. Кассациялық шағымда:
• іске қатысушылар көрсетілуі тиіс (олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жерімен қоса);
• материалдық және процестік құқық нормаларының қандай бұзушылық орын алғаны;
• шағым берушінің өтініші;
• талаптың негізі болып табылатын заң нормасына сілтеме;
• тиісті (уәкілетті) тұлғаның қолы болуы қажет.
🔹Егер шағым істің тараптары емес адамның мүддесіне берілсе, онда шағымданып отырған сот актісімен оның қандай құқықтары бұзылғаны көрсетілуі тиіс.
Егер шағым бұрын кассациялық инстанциядан қайтарылған болса, онда оның себебі шағымда көрсетілуі тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, не болмаса сол қатысушының өтініші Жоғарғы Соттың кассациялық инстанциясында бұрын қанағаттандырусыз қалдырылған болса, шағым кері қайтарылады.
🔹Жаңа нормаларға қайта оралайық.
Кейде адам белгілі бір себептермен өзінің құқықтарының бұзылғанын немесе мүдделерінің зардап шеккенін бірден түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты заң сот шешіміне апелляциялық шағым беру мерзімін өткізіп алған тұлғаға оны даусыздандыру мүмкіндігін қарастырады. Бірақ бұл– бірінші саты сотының мерзімді қалпына келтіруден бас тартуы және жеке шағымның да қанағаттандырылмауы жағдайында мүмкін болады(АПК 436-бабының 2-бөлігі).
🔹Құқықтарды қалпына келтірудің тағы бір жолы – Бас Прокурорға немесе оның орынбасарларына, Бас әскери, Бас көлік прокурорларына жүгіну. 
🔹Ол үшін мынадай ерекше негіздердің бірі болуы қажет:
1. Қабылданған қаулының орындалуыадамдардың өмірі мен денсаулығына немесе ҚР экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне ауыр қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін;
2. Қаулы анықталмаған тұлғалар тобының немесе өзге де жария мүдделердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады;
3. Қаулы құқық нормаларын соттар тарапынан бірізді қолдану мен түсіндіруді бұзады.
🔹Сондай-ақ, Бас Прокурорға кассациялық қарауға жатпайтын, АПК 434-бабының 2-бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген істер бойынша да жүгінуге болады.
🔹Әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге байланысты, атап айтқанда «Facebook» платформасында «Евгений Евгеньев» деген аккаунтпен тіркелген жекеше тәжірибедегі заңгердің жарияланымында құқықтық түсіндіруді қажет ететін бірқатар мәселелер көрсетілген.
Бұл бағытта біз құқықты қолдану тәжірибесін бірлесіп қалыптастырып, құқық нормаларын түсіндіру кезінде туындайтын мәселелерді жоямыз.
🔹Жақын арада заңгерлік қауымдастықпен келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
• кассациялық инстанцияға қолжетімділікті қамтамасыз ету, шағымдарды ресімдеу және беру;
• өзекті санаттар бойынша тәжірибе қалыптастыру;
• процестік нормаларды бірізді қолдану.
🔹Белгілі бір дау санаттары бойынша сот практикасының бірізділігіне қатысты сұрақтарыңызды және оларды шешу жөніндегі көзқарастарыңызды 706-0049@sud.kz электронды поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.
🔹Заңгерлік қауымдастықпен алғашқы кездесуалдағы айларда өтеді.
🔹Жаңа заңнаманы жүзеге асыруда бәріңізгесәттілік тілейміз!
Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық соты