Жаңалықтар
128

Тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесі талқыланды

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары   полиция полковнигі Туляпов Сейтмұрат Сұлтанбекұлы және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың инспекция бөлімі Жаңақорған, Шиелі аудандарына іссапармен барды.      
Жұмыс сапары барысында жеке құрамның қатысуымен жиын өткізіліп,  заң бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – департамент жұмысының басым бағыты екені атап өтілді.
Сапар аясында аудандық полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы,  қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайы мен тазалығы,  қызметкерлердің нысандық киімі, құжаттарының толықтығы тексерілді. Саптық дайындық барысы бақылауға алынып, қызметкерлерге тәртіп пен киім үлгісін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
          «Жеке құрам арасында заң бұзушылықтың алдын алу – біздің күнделікті жұмысымыздың басты бағыты. Әр қызметкер тәртіп пен жауапкершілікті бірінші орынға қоюы тиіс», – деді полиция полковнигі С.Туляпов.
Сонан соң полиция полковнигі С.Туляпов полиция бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен Жедел кеңестер өткізді. Кеңес барысында аудандық полиция бөлімдері бастықтарының есептері тыңдалды.
Департамент бастығының орынбасары аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды.