Жаңалықтар
41

«Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді

Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту үшін 2025 жылдың 20-21 қарашасында өңірде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
«Қыс-2025» оқу-жаттығуы қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлердің алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты – «Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлектетік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Аталмыш оқу-жаттығуға азаматтық қорғау құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды.
20 қарашада азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің техникаларының саптық қарауы мен жиыны өткізілді.
Оқу-жаттығуды өткізу орнында жедел штаб құрылып, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдары іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимылды жетілдіруі нақтыланды. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев  қатысты. Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров  жалпы оқу-жаттығудың өткізілу барысына жетекшілік жасады.
21 қарашада сағат 9:00-де №1 практикалық оқу-жаттығу -  КAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1357 шақырымында өтті. Тақырыбы: қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимыл. Оқу-жаттығудың шартына орай, жолаушылар атвобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысты, салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, жолаушылар автобусында бірнеше азамат жарақаттанып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көліктің ішінен шыға алмай, қыстырылып қалды. Соқтығысқан автокөліктерге авариялық-құтқару жұмысын жүргізу, адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай зардаптарын жою бағытында тиісті іс-қимылдар жүргізілді. Оған 32 адам, 12 техника қатысты.
Сағат 11:00-де Арал аумағында теміржол желісінде №2-ші практикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Тақырыбы: Жолаушылар поезының вагонында өрт оқиғасы орын алып, поезд қозғалысы бірнеше сағат тоқтайды. Вагонда туындаған өрт сөндірілді. Адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, ТЖ зардаптарын жою жұмысы жүргізілді. Оған авариялық құтқару құрылымдарынан 20 техника, 53 адам жұмылдырылды.
Сағат 13:00-де №3 оқу-жаттығу жүзеге асты. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, Арал ауданында қарлы боран болды. Мал-жанға қолайсыз климат орын алып, салдарынан жол таппай адасқан, мал тасымалымен айналысатын 2 азамат жоғалды. Оларды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылып, далалы жерден  адасқан азаматтарды тауып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш практикалық оқу-жаттығуға - іздестіру-құтқару жұмыстарына   14 техникасымен  64 қызметкер, сонымен бірге 1 кинологиялық есеп тобы белсене қатысты.
Жалпы 2025 жылғы 20-21 қарашасында өңірде ұйымдастырылған «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1154 адам, 339 техника, 1 кинологиялық топ қатыстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД

✅ Проведен практический этап командно-штабного учения «Қыс-2025»
С целью отработки готовности гражданских защитных служб Кызылординской области, усиления координации по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций в зимний период, 20–21 ноября 2025 года в регионе проведено командно-штабное учение «Қыс-2025».
Учение было направлено на предупреждение зимних рисков и обеспечение безопасности населения. Цель – подготовка органов управления и сил государственной системы гражданской защиты к действиям по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций в зимний период. В данном учении были задействованы формирования гражданской защиты, местные исполнительные органы и волонтёры.
20 ноября состоялся смотр техники и сбор представителей государственной системы гражданской защиты.
На месте проведения учений был сформирован оперативный штаб, который отработал вопросы координации и взаимодействия подчинённых сил и средств гражданской защиты при предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в зимний период. В практическом этапе учений принял участие аким Аральского района Аманжол Оңғарбаев. Заместитель начальника ДЧС Кызылординской области полковник Бекболат Абдикадыров руководил общим ходом учений.
21 ноября в 9:00 часов прошёл первый практический этап учения на 1357 км автодороги KAZ-06 «Карабутак – Кызылорда – Шымкент». Тема: действия при ДТП в зимний период. Согласно легенде учения, пассажирский автобус столкнулся с легковым автомобилем, в результате чего произошло дорожно-транспортное происшествие: несколько человек в автобусе получили травмы, а водитель легкового автомобиля оказался зажатым внутри машины и не смог выбраться самостоятельно. Были отработаны аварийно-спасательные действия, эвакуация пострадавших, их размещение в тёплом месте, обеспечение горячим питанием, оказание медицинской помощи и ликвидация последствий ЧС.  В учении приняли участие 32 человека и 12 единиц техники.
В 11:00 часов на железнодорожной линии в Аральском районе был организован второй практический этап учения. Тема: возгорание в вагоне пассажирского поезда, в результате которого движение состава было остановлено на несколько часов. Пожар в вагоне был ликвидирован, проведена эвакуация пассажиров в безопасное место, организовано их размещение в тёплом помещении, обеспечение горячим питанием, оказание медицинской помощи и ликвидация последствий чрезвычайной ситуации. В данном учении приняли участие 20 единиц техники и 53 человека из аварийно-спасательных формирований.
В 13:00 часов прошёл третий этап учения. Согласно сценарию учений, в Аральском районе разразилась снежная буря. Из-за неблагоприятных погодных условий и плохой видимости два человека, занимавшиеся перевозкой скота, сбились с пути и пропали. Были организованы поисково-спасательные работы, в ходе которых пропавшие были найдены в степной местности и им оказана медицинская помощь. В данном практическом учении - поисково - спасательных работах приняли активное участие 64 сотрудника с 14 техникой, а также 1 кинологический расчёт.
Всего в областных командно-штабных учениях «Қыс-2025», организованных в регионе 20-21 ноября 2025 года, приняли участие 1154 человека, 339 единиц техники, 1 кинологическая группа.
ДЧС Кызылординской области