Жаңалықтар
32

Дөңгелек үстел өткізілді

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Судья әдебін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстелге отставкадағы судья З.Жаңбыршаева, облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Судья әдебі жөніндегі комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы М.Тоғызбаева дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья З.Жаңбыршаева өз сөзінде судья әдебінің маңыздылығына, оның кәсіби қызметтегі рөліне және негізгі талаптары жөнінде айтып өтті. 
Дөңгелек үстел барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы, судья әдебі жөніндегі комиссия мүшесі Н.Еламанов, Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Абдразахов баяндама жасап, судья әдебі нормаларын сақтау қажеттілігіне тоқталды. 
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз пікірлерін білдірді. 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі