Жаңалықтар
22

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ҮНІ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК АЛАҢЫ

Бүгін Жіңішкеқұм  ауыл округінің тұрғындары үшін жаңа Конституцияға қатысты ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды маңызды саяси процестермен таныстыру, референдумның мәні мен тәртібін түсіндіру, сондай-ақ азаматтық құқықтары мен жауапкершіліктері туралы ақпарат беру.

Шара барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, заңнамалық өзгерістердің мазмұны және референдумға қатысу тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Бұл кездесу тұрғындарды ақпараттандыру, азаматтық белсенділікті арттыру және жаңа Конституцияға қатысты референдум процесіне қатысуды кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.

Тұрғындарға жаңа Конституция жобасының басты бағыттары мен қоғам өміріне ықпалы толық түсіндірілді.

   Тұрғындармен ашық диалог орнатылып, әрбір ұсыныс пен пікір назарға алынды. Бұл — қоғамдық қатысуды күшейтудің және халық пен биліктің арасындағы өзара сенімді нығайтудың маңызды қадамы.