Жаңалықтар
12

Қызылорда облысының полиция департаментінің ұйымдастыруымен 12-14 мамыр аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу.

Рейд барысында жасөспірімдердің жүріс-тұрысына бақылау жүргізіліп, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және көшелерде бей-берекет жүрген кәмелетке толмағандар анықталатын болады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

#ЗАҢМЕНТӘРТІП