Жаңалықтар
22

«Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі Қазақстанның батысында басталды — картинаға Джеки Чан қатысады

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, киножобаның алғашқы кадрлары Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында түсірілген.


Негізгі түсірілім орындарының бірі — өзінің «Марсқа ұқсас» көріністерімен танымал Бозжыра шатқалы.


Бұған дейін Джеки Чан Алматыда байқалған болатын. Кейін актер бұл сапарында түсірілім орындарын таңдауға байланысты барлау жұмыстарын жүргізгенін айтқан.


«Құдай сауыттары: Соңғы шешім» («Доспехи Бога: Ультиматум») фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады.