Жаңалықтар
ТАҒАЙЫНДАУ
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК бас директоры А.Ускенбаевтың бұйрығына сәйкес Омаров Ғанибек Маратұлы «Сыр суы» филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды.
Ғанибек Маратұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, 2014 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын, 2019 жылы Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «ГосНПЦзем» Қызылорда ЕМК техник қызметінен бастаған. 2011-2012жж. Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінде оператор, статист, 2012-2013жж. Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығында бас инспектор, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының құрылыс стратегиясын және тұрғын үй құрылысын дамыту бөлімінде бас маман, 2013-2018жж. Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде жетекші маман, бас маман, 2018-2019жж. Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, 2019-2023жж. Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінде сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, 2023-2024жж. «Нұра топтық су құбыры» РМК ШЖҚ Арал СЖКБД филиалында абонент бөлімінде инженер, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде заңгер, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін «Сыр суы» филиалында абонент бөлімінің бастығы, баспасөз хатшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Ғанибек Маратұлының жаңа қызметіне сәттілік пен абырой тілейміз.
«Сыр суы» филиалының баспасөз қызметі.






