Жаңалықтар
281

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ күні ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер өздері өндірген ет, сүт өнімдері, көкөніс, бақша өнімдері және басқа да азық-түліктерді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды.

Шараның басты мақсаты тұрғындарды сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және мерекелік күннің көркін арттыру.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар жаңа өнімдерді сатып алып, шаруалармен тілдесіп, ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне ризашылықтарын білдірді. 

Құрылтай сайлауы аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, осындай маңызды күні жүзеге асып жатқан игі бастамалар ел бірлігін нығайтып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жарқын көрінісі екенін айтты.


#ҚазалыАуданы 

#ҚұрылтайСайлауы

#23Тамыз 

#ҚазалыҚұрылтай