Жаңалықтар
9

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ КӘРІБОЗ ӘЛИМАЕВ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға әр азаматтың қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы ауылында тұратын Социалистік Еңбек Ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаев та құрылтай сайлауында өз дауысын беріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімнен шет қалмады.

Қазыналы қарияның шаңырағына Лақалы ауылындағы №76 референдум учаскесінің учаскелік комиссия мүшелері үйден дауыс беруге арналған жәшікті арнайы жеткізді. Жасы ұлғайғанына қарамастан, елдің ертеңіне қатысты маңызды шараға белсенділік танытқан еңбек ардагері өз таңдауын жасап, азаматтық парызын орындады.

Кәрібоз Әлиұлы ғибратты ғұмыры мен маңдай терге суарылған еңбегі арқылы ел құрметіне бөленген абыройлы азамат. Ол саналы ғұмырын туған жердің өркендеуіне, ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнап, ел экономикасының нығаюына өзіндік үлесін қосып, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Елдің ертеңі бүгінгі таңдаудан. Ал ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтың әрбір таңдауы болашаққа бастар маңызды қадам.

#ҚазалыАуданы 

#ҚұрылтайСайлауы

#23Тамыз 

#ҚазалыҚұрылтай

#Сайлау