Жаңалықтар
ҚАРМАҚШЫЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН СЫНҒА ТҮСТІ
Сайлау күні аудандағы сайлау учаскелерінің маңында тұрғындардың белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Шара барысында дауыс беруге келген тұрғындар қол күресі, гір көтеру және асық ату бойынша өзара бақ сынап, ептілік, күш пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Жарысқа әр жастағы тұрғындар қатысып, ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Әсіресе асық атуға балалар мен жастардың белсенді қатысуы көңіл қуантты. Ал қол күресі мен гір көтеруден өткен сайыстарда ересек тұрғындар да өз күштерін сынады.
Жалпы спорттық шараларға тұрғындар белсене қатысып, сайлау учаскелерінде жарыстар ұйымдастырылды. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Ұлттық спортты сайлау күніне арналған мәдени-көпшілік шаралармен сабақтастыра өткізу тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, халқымыздың дәстүрлі спорт түрлерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
#ҚармақшыАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау






