Жаңалықтар
АРАЛДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ
Арал қаласындағы №54 сайлау учаскесінде балық шаруашылығының ардагері, Арал ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалының иегері Батимова Ақшабақ дауыс берді.
Ұзақ жылдар бойы балық шаруашылығы саласында еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан ардагер үшін дауыс беру азаматтық борыш қана емес, кейінгі ұрпақтың болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
А. Батимова сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ардагердің айтуынша, әр азамат ел өміріне белсенді араласып, өзінің азаматтық құқығын пайдалануы маңызды.
– Бүгін әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды сәті. Мен талай жыл еңбек еттім, еліміздің, Аралдың дамуына куә болдым. Бүгінгі ұрпақтың да жарқын болашағы болғанын қалаймын. Балық шаруашылығы біздің Арал өңірінің тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты сала. Жастайымыздан осы кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, адал еңбек еттік. Бұл салада еңбек еткен жылдарым өмірімнің үлкен бір бөлігі, - деді еңбек ардагері.






