Жаңалықтар
Қармақшыда сайлау күні ұлттық сусын ұлықталды – «Шұбат Fest» өтті
Сайлау күні Қармақшы ауылында ұлттық дәстүр мен қоғамдық белсенділікті ұштастырған «Шұбат Fest» шарасы ұйымдастырылды.
Тұрғындарға халқымыздың дәстүрлі сусыны – шұбат ұсынылып, ауылдың ақ дастарханы жайылды. Сайлауға келген тұрғындар дауыс беріп қана қоймай, дастархан басында бас қосып, бір-бірімен пікір алмасты.
Ұлттық сусынды дәріптеуге бағытталған бұл бастама ауылдағы ерекше көңіл-күйді қалыптастырып, сайлау күнін мазмұнды әрі есте қаларлық ете түсті.
Шұбат – халқымыздың дәстүрлі дастарханындағы орны бөлек сусын. Оны дәріптеу – ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізудің бір жолы.
Дәстүр дәріптелген жерде – береке бар. Дастархан басындағы татулық – ел бірлігінің бір көрінісі.
#ҚармақшыАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#ҚармақшыҚұрылтай
#Сайлау






