Жаңалықтар
Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылын бастады
Бүгінде елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы 7 920 мектеппен салыстырғанда 1,6%-ға көп.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде орналасқан.
Есепті кезеңде жалпы білім беретін мектептердің ең көп саны Түркістан және Атырау облыстарында – бес мектептен пайдалануға берілді. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді.






