Жаңалықтар
82

Жаңа Конституция – жарқын болашақтың бастауы

Ел тарихында ұлт тағдырын айқындайтын, болашаққа бағыт беретін маңызды сәттер болады. Сондай тарихи кезеңнің бірі – жаңа Конституцияның қабылдануы.


Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің айғағы. Ол халқымыздың арман-мұратын, ғасырлар бойы аңсаған азаттығы мен әділетті қоғамға деген ұмтылысын бейнелейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық». Бұл сөздердің астарында ел болашағына деген үлкен сенім жатыр.

Жаңа Конституция – жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол – жаңарған қоғамның үні, келер ұрпаққа аманат. Ендеше, Ата Заңды құрметтеу, оның талаптарын сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Өйткені қуатты мемлекет пен жарқын болашақ заңға құрметтен басталады.


Мөлдір Шахар

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері

Басқа жаңалықтар