Жаңалықтар
133

Конституция – инновациялық қоғам қалыптастырудың негізі

Қазіргі кезеңде кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы білім мен ғылымның өркендеуіне, жаңа технологиялардың енгізілуіне және адами капиталдың сапасына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Конституция елдің құқықтық негізін айқындаумен қатар, қоғамның интеллектуалдық және технологиялық дамуына бағыт беретін маңызды құжат болып табылады.

Ата Заңда білім, ғылым, инновация, еңбекқорлық пен прогресс құндылықтарының көрініс табуы – болашаққа бағдарланған мемлекеттің басты ұстанымдарының бірі. Бұл қағидаттар азаматтардың білім алуына, кәсіби тұрғыдан дамуына және ел өркендеуіне үлес қосуына негіз қалайды.

Бүгінде цифрландыру, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен жаңа өндірістік шешімдер экономиканың даму қарқынын айқындап отыр. Сондықтан ғылыми әлеуетті арттыру, заманауи мамандар даярлау, жастардың шығармашылық және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау ерекше маңызға ие.

Өңірлерде білім беру жүйесін жаңғырту, ғылыми жобаларды дамыту, IT саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту және жаңа технологияларды өндірісте қолдану бағытындағы жұмыстар елдің жалпы даму үдерісінің маңызды бөлігі саналады.

Конституцияда айқындалған стратегиялық бағдар – білімді, бәсекеге қабілетті, жаңашыл ойлайтын азаматтары бар қоғам қалыптастыру. Ал мұндай қоғамның негізі бүгінгі сапалы білім мен жүйелі еңбек арқылы қаланады.


Берик Султаниязов

Арал аудандық жастар орталығының директоры

Басқа жаңалықтар