Жаңалықтар
60

Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің негізі!

Конституция – мемлекетіміздің басты құжаты, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің, бірлік пен келісімнің берік кепілі.

Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі айқындалған. Ата Заңымыз – әділетті қоғам құрудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және жарқын болашаққа нық қадам басудың негізі.

Конституцияны құрметтеу – Отанды құрметтеу. Заңды білу және оны сақтау – әрбір азаматтың парызы.

Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз мәңгі, бірлігіміз бекем болсын!

Ата Заңымыз – асыл құндылығымыз!


Айсәуле Нағашыбай