Жаңалықтар
30

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік: заманауи заңнамалық тәсілдердің қажеттілігі

Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Мен бұл бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық-құқықтық жауапкершілік институтын жетілдіру жеке құқық саласындағы заңнаманы жаңартудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.


Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тек өтемақылық қана емес, сонымен қатар алдын алу функциясын да атқарады. Оның негізгі мақсаты – бұзылған мүліктік мүдделерді қалпына келтіру, міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету және азаматтық айналымға қатысушылардың жосықсыз әрекеттерінің алдын алу.


Практикада жауапкершіліктің туындау негіздерін айқындау, тұлғаның әрекеттері мен туындаған салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау, сондай-ақ келтірілген зиянның өтемақы мөлшерін белгілеу мәселелері ерекше күрделілік туғызады.


Мысалы, шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда шарттың орындалмау фактісін ғана емес, сонымен қатар жол берілген бұзушылықтың сипатын, зардап шеккен тарап үшін туындаған салдарларды және заңнамада көзделген жауапкершіліктен босату негіздерін де ескеру маңызды.


Осыған байланысты жаңа Кодексті әзірлеу барысында залалдарды өтеудің, зиянды өтеудің, тұрақсыздық айыбын қолданудың қолданыстағы тетіктерін, сондай-ақ шарттық және шарттан тыс жауапкершіліктің арақатынасын жан-жақты талдау орынды деп санаймын.


Бұл ретте тиісті нормалар арасындағы ықтимал қайшылықтарды жоюға және оларды қолданудың бірізді тәсілдерін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.


Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеудің сапасы азаматтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің нақты қорғалу деңгейін айқындайды. Сондықтан бұл институт жаңа Кодексте жүйелі әрі заңдық тұрғыдан негізделген түрде дамытылуы тиіс.


Акимбекова Саида Аминовна

доктор юридических наук, академический профессор Высшей школы права Әділет

https://www.instagram.com/p/Dfq_tUNsF6gKsGa2IuhYWKKv7jL492J-mGkyJs0/?xtok=MXJkcTdxdjM1c2x4OQ==