Жаңалықтар
Қазақстан елтаңбасына өзгеріс енгізілмейтін болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді.Министрліктің мәліметінше, мәселе күн тәртібінен шығарылды.
15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеңес дәуірінің белгілеріне" байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді.
- "Елтаңбаны өзгертсек, Кеңес дәуірінен қалған бүкіл ғимаратты өзгертейік": Қарағандылық азамат желіде Тоқаевқа үндеу жасады
- “Елтаңбаны өзгерту тек косметикалық өзгеріс": Сарапшылар пікір білдірді
Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған.
Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.






