Жаңалықтар
311

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТАСБУГЕТ КЕНТІ САБАЛАҚ САЯЖАЙ ХАЛҚЫ СУСЫЗ ОТЫР!

САБАЛАҚТАҒЫ ШАРУАЛАР СУСЫЗ ОТЫР! Сабалақ саяжайындағы Ғылым-Дархан бау-бақшасына қарасты жүз адамның бақшасын суармалы сумен қамтамасыз етіп отырған, Шіркейлі өзенінен ағатын каналдағы су сорғысының істен шыққанына үш аптадан асты. Су сорғысы “Ауыл” мейрамханасының артында орналасқан. 

Қазіргі таңда су сорғысын (водокачка) жергілікті халық өз қаражатымен, өз күшімен іске қосуға мәжбүр. Бұл тұрғындар үшін үлкен салмақ, күрделі мәселеге айналды. Шілденің шіліңгір ыстығында шаруалардың жұмысына қолбайлау болып отыр. Бала-шағасын бақшадан алатын өніммен асырайтын тұрғындардың  жергілікті билікке айтар уәжі бар. Осы су сорғысындағы қондырғыны (моторды) іске қосып, саяжайды суармалы сумен қамтамасыз етсе дейді. Сыртқы қоршауында халық өз қаражаттарына қоршалаған . Су сорғысының ( водокачка) темірлері де шіріп істен шыққан делінген .