Жаңалықтар
41

🔹ҚДБ Екінші деңгейдегі банктерде орта және ірі бизнеске кепілдік берудің жаңа тетіктерін таныстырды.

ҚДБ Екінші деңгейдегі банктерде орта және ірі бизнеске кепілдік берудің жаңа тетіктерін таныстырды.

ҚДБ ҚР ҰЭМ-мен бірлесіп әзірлеген және ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілген ішінара кепілдік беру ережелері 2 жаңа тетікті қамтиды:

1. Тәуекелдер үшін комиссияны субсидиялай отырып, ҚДБ кепілдіктері келесілерге беріледі:

• Инвестициялық жобалар үшін 3,5-20 млрд теңгеге дейін, мерзімі 10 жылға дейін.

• Экспорттық операциялар үшін 1-7 млрд теңгеге дейінгі, мерзімі 3 жылға дейін.

2. 11,5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар үшін ЕДБ жеңілдетілген қаржыландыруды ұсына отырып, ҚДБ кепілдігін беру. Тетік 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

ҚДБ ЕДБ мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін ынтымақтастыққа шақырады. Www.kdb.kz мекенжайы бойынша Банктің ресми сайтында немесе Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына хабарласу арқылы кепілдік берудің жаңа тетіктері туралы толық ақпарат алуға және өтінім беруге болады (байланыстар сайтта көрсетілген).