Жаңалықтар
48
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ
– Облыстағы су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жыл сайын азаматтардың суға түсудегі сақтық шарасына бей-жай қарағаны және белгіленбеген орындарға түсуінен қайғылы жағдайлар орын алады. Жыл басынан бері су айдындарында 5 адам құтқарылды. Суда адамдардың қаза болуының басты себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы. Қазіргі таңда аймақта 18 стационарлық және 6 модульдік бассейн орнатылған. Қосымша жеке кәсіпкерлер тарапынан жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар. Сондай-ақ, облыста жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасайды. Облыс тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мақсатында күнделікті 11:00 мен 22:00 аралығында жауапты сала мамандарын жұмылдыра отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл профилактикалық жұмыстарға 575 ерікті де өз үлестерін қосып жатыр. Осы орайда, тұрғындардан суға түсер уақытта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауын және балаларды ересектердің бақылауынсыз суға түсірмеуін сұраймыз,- деді Жандос Шайымұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі





