Жаңалықтар
117

Жерге қатысты заң бұзушылық тар бойынша 1 млн теңге айыппұл салынды

Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-тің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылау жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында ЖШС-гі қоршау мақсатында 3 (үш) шақырым жерде траншея қазып, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы көлемі 0,45 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бүлдіру арқылы заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. 
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 337-бабымен ЖШС-не 1 292 200 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.
Сонымен қатар Департаментпен ҚР Жер кодексінің 148-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ЖШС-не «Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» орындалуға міндетті нұсқама берілді. 
Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бүлінген жерлер қалпына келтіріліп, заң бұзушылық жойылды .
ҚР АШМ Жер комитетінің төрағасы–ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы

Мұрат Теміржанов тың фейзбук парақшасынан алынған .