Жаңалықтар
40
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қазіргі уақытта республиканың барлық аймағында өздеріңіздің қатысуларыңызбен АЭС салуға қатысты жария талқылаулар өтуде. Әл-ауқаты мен экономикалық қуаты артқан еліміз үшін бұл өте өзекті мәселе. Шынайы және нақты ақпараттың жетіспеушілігінен қоғамда түсінбеушілік, түрлі алып-қашпа әңгіме тарайтыны да заңдылық. Осы жағдайда, өзіңіздей ғалымдардың, саланың үздік мамандарының түсіндірмелері халыққа өте қажет. Бүгін облыстық қоғамдық кеңес алаңында өткізілген жария талқылау қатысушыларға ой салды. Жария талқылаулар және алдағы уақытта жүргізілетін ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жұртшылықтың шешім қабылдауына жәрдемдеседі деп ойлаймын», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, Саябек Қуанышбекұлы Сыр елінде әр салада серпінді даму байқалатынын атап өтіп, аймақ халқы үшін маңызды жобалардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі





