Жаңалықтар
60

ҚАЛАДА 74 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді. Бұған себеп жыл сайын облыс орталығынан көпқабатты үйлердің көптеп бой көтеруі. Жалпы қалада 3 911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Оның 3 139 пәтерлі 58 тұрғын үйі бюджет есебінен, ал 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынды. Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына қорытынды жасады. 
- Жыл соңына дейін 7 қабатты 840 пәтерлі 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу күтілуде. Қалада жыл басынан бері 763 пәтер табысталса, 2 500 тұрғын жаңа баспанаға ие болды. Жыл аяғына дейін 1 685 пәтер пайдалануға беріледі. Шаһардағы баспана салу жайы әлі де жалғасатын болады. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта тағы 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде,- деді Серік Салауатұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі