Жаңалықтар
164
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ КОМИТЕТІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ
- Өздеріңізге белгілі Ішкі мемлекеттік аудит органдары Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Департамент тарапынан, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы барлығы 57 нұсқама жолданып, оның 36-сы толығымен орындалса,қалған 21 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген.
Яғни, алдағы уақытта олардың толық орындалуы қатаң бақылауға алынатын болады. 2024 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарында артық еңбек ақы аудару және нақтысында жұмыс жасамайтын тұлғаларға еңбек ақы есебінде ақша қаражаттарын аудару бойынша бұзушылықтар анықталып, олар бойынша 3 мемлекеттік аудит материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды”,- деді Ербол Қабаштайұлы.





