Жаңалықтар
38

ТАҒАЙЫНДАУ!

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының   «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің директоры қызметіне  Боранбаев Аралбек Жұбатқанұлы тағайындалды. 


Аралбек Жұбатқанұлы 1983 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Жастар үні» қоғамдық ұйымының төрағасы болып бастаған.
2005 жылы «ЕЛІМ-АЙ» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры.
2006 жылы Қызылорда қалалық  әкімшілігінің штаттан тыс қызметкері.
2007 жылдан – 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының редакторы.
2014 жылы «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының төрағасы.
2017 жылдан – 2024 жылдың 12 тамызына дейін  Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.
Отбасылы: 4 бала тәрбиелеп отыр.