Жаңалықтар
57
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
- “Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 55, Қызылорда «Болашақ» университетіне 10, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына 5 грант, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне 13 грант, Қарағанды медицина университетіне 7 грант, 8 грант - С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 - грант Нұр-Мүбарак Египит Ислам мәдениеті университеттеріне тағайындалды. Тағайындалған гранттар бойынша дизайн – 1, журналистика және репортер ісі – 1, әлеуметтік жұмыс – 2, ақпараттық жүйе – 2, көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру - 2, исламтану мамандығына – 2, азық – түлік өнімдерін өндіру – 2, көлікті пайдалану технологиялары – 2, дәстүрлі музыка өнері – 3, археология және этнология мамандығына – 4 грант, аударма ісі - 6, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері – 10, экология және табиғатты пайдалану – 13, жалпы медицинаға – 19 грант тағайындалды.
Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлері:
- 35-і көп балалы отбасылардан;
- 11-і ата анасының біреуі мүгедек;
- 11-і асыраушысынан айырылған отбасынан
- 7-і аз қамтылған отбасынан;
- 2-уі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші;
- 2-і толық емес отбасынан;
- 1-уі бала жасынан мүгедектігі бар бала;
Сонымен қатар, педагогика мамандықтары өңірде көп болуына байланысты қолдау таппады.
Үміткерлерден қабылданған өтініштербойынша әкімдіктер жанынан құрылған арнайы комиссиялардың отырыстары өткізіліп, арнайы комиссия шешімдерімен бекітілген 100 гранттың 69-ына тағайындалды,- деді Ғабит Жұмабекұлы.





