Жаңалықтар
90

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

    Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев медицина мекемелерін аралау кезінде облыстық онкология орталығына арнайы барып, емделушілердің хал-жағдайын сұрады. 
Орталық ғимараты  2021 жылы салынған.  Бос тұрған денсаулық сақтау саласы ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана  былтыр материалдық-техникалық жабдықтарымен бірге облыстық онкология орталығына берілді. Мұнда  350 қызметкер жұмыс істейді.
Аймақ басшысы емделушілерге барлық жағдай жасалу керектігін, орнатылған құрал-жабдықтарды  тиімді пайдалануды ескертті.
«Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы емдеу, ауыр халдегі науқастарға барынша қолдау көрсету – орталық қызметкерлерінің басты міндеті.  Осындағы  медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі