Жаңалықтар
Қызылордада «Заң және тәртіп» атты ашық пікір алаңы өтті
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтті. Президент: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деген болатын.
Осыған сәйкес бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан облыстық Жастар ресурстық орталығында«Заң және тәртіп»аттыжастаржәнеазаматтыққоғамөкілдеріменашықпікіралаңыұйымдастырылды.
ҚызылордаоблысыныңҚоғамдық даму басқармасы, ҚызылордаоблысыныңӘділетдепартаменті, Қызылордаоблысыбойыншаэкономикалықтергеп-тексерудепартаменті мен Қызылордаоблысының Полиция департаментініңбірігіпұйымдастыруыменөткенашықпікіралыңындаспикерлеркәмелеткетолмағанжастардыңарасындағықұқықбұзылушылықтардыалдыналу, лудомания, қаржыпирамидасы, қаржылықалаяқтықтыңалдыналубасқа да тақырыптарбойыншабейнематериалдар мен көрнекіақпараттардыкөрсетеотырып, түсіндірмежұмыстарынжүргізді.
Шарада Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары - ЖамбылАсадинұлы «Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі»тақырыбында, облыстық Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының полиция майоры – Р.Е. Абдразақова«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы баяндамалар жасаса, Жергілікті полиция қызмет басқармасының полиция капитаны – С.С.Күздикенов,Қызылорда облысы Адвокаттар алқасының адвокаты – Ж.Ө. Түменбай,Құқық түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы- Ж.Қосбергенова,Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы – Ж.Д.Абсат, Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және бақылау бөлімінің басшысы – Е.О.Тажикеновтер қысқаша хабарламалар жасап, жастардыңқызықтыратынсауалдарынажауапберді.
Қызылорда облысының
қоғамдық даму басқармасы





