Жаңалықтар
96

Өмірің-сенің таңдауың!

Құрметті достар!

  Есірткі -бұл тек жеке адамның денсаулығына ғана емес,бүкіл қоғамның болашағына зиян тигізетін қауіпті індет.Ол өміріміздің ең қымбат байлығын денсаулықты бұзады,отбасыларды күйретеді,армандарды жоқ етеді.Біз өзіміздің және жақындарымыздың болашағы үшін пайдалы нәрсемен айналысуымыз қажет.Әрбір адам бақытты өмір сүргісі келеді,бірақ ол үшін дұрыс таңдау жасау өте маңызды.Спортпен айналысыңыз,өнер мен ғылымды меңгеріңіз,мақсат қойып ,соларға жету үшін көп іздеп,еңбектеніңіз.Есірткі қиындықтан шығатын жол емес,керісінше,оларды көбейтетін тұзақ.Сіз өз болашағыңызды есірткіден аулақ болу арқылы жарқын ете аласыз.Есірткі-уақытша қызығушылықтың соңы өкінішке әкелетін үлкен қауіп.Ол денсаулықты бұзады,жақындарыңыздың сенімін жояды және болашағыңызды құртады.Нағыз батылдық-өз болашағыңызды қорғау.

       Сіз мықтысыз! Сіздің энергияңыз,шығармашылығыңыз бен күшіңіз- қоғамымыздың қорғаушы күші.Бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Өз хоббиіңізді тауып,сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.Есірткіге «ЖОҚ!» деп айтыңыз.Бұл ең дұрыс шешім.Жарқын болашақ сіздің қолыңызда!Өзіңізді таңдаңыз.Болашағыңызды таңдаңыз!

авторы : № 50 Абай атындағы орта мектебі КММ

9- сынып  оқушысы Әкімтай Жәния