Жаңалықтар
103
БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлеріне арналған арнайы жиын өткізді.
Жиында мемлекеттік қызметкерлерге арналған Әдеп кодексі талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері туралы айтылды.
Басқосу барысында басқарма қызметкерлері Әдеп нормаларына байланысты толғандырған сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.






