Жаңалықтар
24
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТАТЫМДЫ ТІРЛІК
- Жобаны толықтай пайдалану үшін каналдың сағасына гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі туындауына байланысты жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық бюджеттен өтінім ұсынылды. Жоба іске асқанда, Жаңақорған ауданының 30 мың га егістік жерлерін вегетациялық кезеңде суландыруға мүмкіндік береді. Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі барлығы 4,4 мың гектарға жеткізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық. Күріш шаруашылығында су үнемдеудің бірден бір жолы ол егістікті лазерлік тегістеу. Өткен жылы егілген күріш егістігінің 55 мың гектарына лазерлік тегістеу жүргізілсе, алдағы 5 жылда 72 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Кешенді жоспарға сәйкес, Су шаруашылығы комитетімен Қызылорда облысы аумағындағы 16 магистралді және шаруашылықаралық каналдарды цифрландыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірленуде,- деді Бахыт Дүйсенұлы.





