Жаңалықтар
83
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
Құрметті оқырман, тіл жанашырлары және облыс тұрғындары!
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы бүгіннен бастап жаңартылған логотиппен өз жұмысын жалғастыратынын хабарлаймыз. Жаңа логотип Орталықтың фирмалық стилін жаңарту мақсатында өткізілген байқау нәтижесінде таңдалып, ресми түрде бекітілді.
Аталған логотип 2025 жылдың 3 наурызынан бастап барлық ресми құжаттарда, жарнамалық материалдарда, ресми веб-сайтта және басқа да ақпараттық ресурстарда қолданылады.
Жаңа логотип – Орталықтың жаңарған бейнесі мен құндылықтарының айқын көрінісі. Ол заманауи дизайн мен дәстүрлі элементтердің үйлесімін сақтай отырып жасалған.
тәрізді екі буын шығып тұратын ою-өрнек.
даналық пен білімнің қайнар көзі.
сөздегі «і» әрпінің орнына бейнеленген. Логотиптегі қарындаш бейнесі элементінің төменгі бөлікке орналасуы жазудың жоғарғы бөлігіндегі біркелкілікті сақтау және қарындаштың үшкірі логотиптің төменгі бөлігіндегі элементтерді бағыттап көрсету мақсатында таңдалды. Бұл шешім логотиптің тұтастығы мен көркемдік үйлесімін қамтамасыз ету үшін қабылданған.





