Құрметті облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы!
Соңғы уақытта Қызылорда қаламыздың көшелерін қаңғыбас иттер басып кетті. Тіптен көшеде ұйыққан иттер адамдарға, балаларға шабуыл жасау деректері де тіркелуде. Қаншама рет әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жазылса да нәтиже болар емес. Мүмкін бұған иттерді жою туралы заңға енгізілген өзгерістер кедергі болып отқан шығар. Дегенмен адам өмірінен артық не бар? Қазіргі таңда мектепке балаларымызды апарып, әкелуге арнайы адам қажет болатын болды. Тіптен балаларымызды уайымдап отыратын күнге жеттік. Айдың күннің аманында бұл не масқара ?!
Құрметті әкім мырза!
Сізден дереу осы мәселеге назар аударып, дұрыс шешім қабылдап, әрекет жасауды сұраймыз!