Жаңалықтар
58

Қызылордадағы интернатта тексеріс жүріп жатыр

Қызылордада алты бала тәрбиеленіп жатқан интернатқа биыл бюджеттен 112 миллион теңге бөлінген. Десе деғ  тексерген комиссия мекеме балаларға осы ақыға сай жағдай жасай алмай отырғанын анықтады, деп хабарлайды "Информбюро".

 Журналистерге сенсек, мінез-құлқы ауыр балалар интернатында 40 шақты адам жұмыс істеп жатыр. Онда тексеріс жүргізген комиссия 112 миллион теңгеге одан да жақсы жағдай жасауға болатынын айтты.

Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын көре алмадық. Ата-анамен байланысып отырмыз деген мынау – оларға тек қол қойдырып алады. Ал былай жұмысын көрген жоқпыз. Тамағы, басқасы ұят енді – ол да мардымсыз болып шықты,

– дейді Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы Сәуле Әбілдаева.

 Оның сөзіне сенсек, кейінгі бес жылда мекемеге 500 миллиондай теңге бөлінген. Бірақ интернатта бір жылда тәрбиеленген балалардың саны 10-ға да жетпеген. Сондықтан депутаттар орталықтың жұмысын егжей-тегжейлі тексеруді ұсынған.

Бес жылда 500 миллионға жуық теңге жұмсалған. Оның ішінде бала болмаса да мамандар өзінің айлық жалақысын алып отыр. Бала толық болмаса да тиісті азық-түлік бөлініп отыр,

– дейді Қызылорда облысы мәслихатының депутаты Аида Абибуллаева.

 Ал интернатта негізінен мінез-құлқы ауыр, ата-анасына бағынбай көше кезіп кеткен, сот интернатта жатсын деген балалар тұрып жатыр. Сондықтан бала саны аз болса да, оларға қарайтын 39 жұмысшының әрқайсысының міндеті бар дейді облыстың білім басқармасы.

Қазір оңтайландыру жұмыстары басталып кетті. Алдағы 2024 жылдары қиын жағдайда қалған балалардың орталығы қылып, қайта құрып сол жерде әлеуметтендіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, басқарма басшылары бюджеттен бөлініп келген миллиондар мақсатты жұмсалды деп сендіріп отыр,


–  дейді Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов.