Жаңалықтар
147

Қазақстандықтар үшін келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге шығатын ұшақ билеттері арзандайды.

Бұл туралы индустрия министрлігі мәлімдеді. Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

 Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жұргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.

 Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне қиналмай ұшуы көп күттірмей, келесі жылы басталмақ.